Алматы әуежайы FlyArystan рейсі туралы: Ұшақ шұғыл қонған жоқ

Алматы әуежайының баспасөз қызметі FlyArystan ұшағының "шұғыл қонуына" қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, қону шұғыл болмаған. 

"Нұр-Сұлтан - Шымкент рейсі Шымкенттегі қолайсыз метеожағдайлардың, оның ішінде, тұман салдарынан Алматының қосалқы аэродромына қонды. Сағат 08.11-де штаттық режимде қонды", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін FlyArystan ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонғаны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!