Алматы - Атырау бағытында қатынайтын жолаушылар пойызында сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылдың 19 маусымында Алматы-Атырау бағытындағы №29/30 жолаушылар пойызының бригада мүшелері Ноғайлы стансасына жетпей шұғыл түрде жолаушыны босандырып алуға мәжбүр болды.
Жолсеріктер толғағы келген әйелге көмектесу үшін барлық қажетті шараларды қолданды, ол жайлы пойыз машинисіне хабарланып, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырылды. Ұл баланың өмірге келуіне жолсеріктер мен жолаушылар қолқабыс етті.
"Біз жолсеріктеріміз Балғаным Қарин мен Ақмамық Бекеноваға алғыс айтамыз. Пойыз бригадасы мен жолаушылардың үйлесімді жұмысының арқасында пойызда бала аман-есен дүниеге келді", – дейді вагонның жолсерігі Марал Әділбекова.
Марал Әділбекованың теміржолда жұмыс істеп жатқанына 15 жыл, оның 12 жылын – Атырау учаскесінде жолаушылар пойызының жолсерігі болып қызмет етті.
Сағыз стансасына жеткен соң жаңа туған нәрестемен анасы жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!