Алматы – Анталия рейсінің кешігуін ААК түсіндірді

Air Astana әуекомпаниясының Алматы – Анталия рейсінің кешігуі Азаматтық авиация комитетінде түсіндірілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Алматы – Анталия бағыты бойынша КС915 рейсі 2022 жылғы 3 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 09:40-та Б-767 әуекемесінде (тіркеу нөмірі P4-KEA) жоспарланған болатын. Алайда техникалық себеп бойынша әуекемесі ауыстырылып, рейс Алматы уақыты бойынша 3 тамыз күні сағат 18:00-ге дейін кешіктірілді", - деп хабарлады ААК.

Ведомство өкілдері әуекемесінің кеш келуі себебінен 3 тамызда Анталия - Алматы бағыты бойынша КС916 рейсі кешіктірілгенін атап өтті.

"Кешіктірілген рейстің барлық жолаушысына Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңның 86-бабына сәйкес қызмет көрсету (ана мен бала бөлмесі, салқын сусындар, тамақ, қонақүй) қарастырылған. Әуекомпания жолаушылардың осы талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, қолданыстағы заңнамада қарастырылған шараларды қабылдау үшін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Тасымалдау департаментіне +77172798215, +77172798213, +77172798229 телефондары немесе cc@caakz.kz электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз", - деп қорытындылады ААК.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!