Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Алматы ICCA мүшесі болды


1 тамызда Алматы ICCA (International Congress & Convention Association) халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының мүшесі болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, ICCA-ға мүшелік Алматыдағы MICE-туризмді халықаралық аренада дамыту жоспарының бір бөлігі болып саналады. MICE - түрлі корпоративтік іс-шараны ұйымдастырумен және өткізумен байланысты іскерлік туризм индустриясының саласы.

"Қауымдастыққа кіру әртүрлі туристік ұйыммен - ICCA мүшелерімен жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Біз қалаға жаңа туристерді тартуға ниеттіміз", - деді "Алматының туристік ақпараттық орталығы" ЖШС директоры Едіге Марғұлан.

MICE-туризм соңғы жылдары Қазақстанда туризмнің басым түрі және жергілікті экономикаға кіріс алуға көмектеседі, қалалардың оң имиджін қалыптастырады.

MICE-туризм нарығының әлемдік көлемі жыл сайын 7,5 пайызға өсіп, 725 миллиард долларға бағаланады. Алматыда жылына 20 халықаралық деңгейдегі іскерлік іс-шара өткізу жоспарда бар.

Бүгінгі таңда ICCA мүшелері - 88 түрлі елдердегі 950 қала. ICCA халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының рейтингіне сәйкес, Қазақстан MICE-туризм бойынша әлемде 79-шы орында (2020).

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Алматыдан Атырауға шыққан ұшақтың қозғалтқышына құс түсіп қалды Алматыдан Атырауға шыққан ұшақтың қозғалтқышына құс түсіп қалды
Авиация саласында кадр тапшы - сарапшылар Авиация саласында кадр тапшы - сарапшылар
Қазақстан Google Maps-тегі жұмбақ орындардың тізіміне енді Қазақстан Google Maps-тегі жұмбақ орындардың тізіміне енді