Алматы-2 - Петропавл бағытында жүретін пойыз бір аптаға тоқтайды

Алматы-2 - Петропавл бағытында қатынайтын "Тұлпар-Тальго" жолаушылар пойызы бір аптаға тоқтайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық тасымалдаушы "Тальго" №105 жолаушылар пойызының Алматы-2 – Петропавл бағыты бойынша мына күндері жүрмейді:

жөнелту 8, 10, 12, 14 желтоқсанда Алматыдан,
келу/жөнелту 9, 11, 13, 15 желтоқсанда Петропавлдан.

Жолаушыларға билет ақысының толық сомасы қайтарылады.

"Қазақстан темір жолы" АҚ қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды", - делінген хабарламада.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.