Алқызылдан қою қызылға дейін". Бөгеті таулары туристерді несімен қызықтырады?

Фото: Ерік Түркебаев

Алматыдан 170 шақырым жерде қызыл таулы шөл Бөгеті таулары ондаған шақырымға созылып жатыр. Жаңбырдан кейін бұл таулар сарғыш қызылдан қан қызылға, ашық қызылдан қою қызыл түске енеді. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі осы ерекше таулар жайлы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдан 170 шақырым жерде қызыл таулы шөл Бөгеті таулары ондаған шақырымға созылып жатыр. Жаңбырдан кейін бұл таулар сарғыш қызылдан қан қызылға, ашық қызылдан қою қызыл түске енеді. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі осы ерекше таулар жайлы баяндайды.

Таңғажайып, ерекше, сиқырлы, өзге ғаламшардағыдай - Бөгеті қызыл тауларына барған туристердің осындай теңеулер айтары анық.

Реклама
Реклама


Фото: Ерік Түркебаев  

Журналист және тревел-блогер Елена Никитенко Бөгетіден алған әсерімен бөлісуге дайын, осынау қазақтың тауын американдық Аризона немесе жабайы батыс тауларымен салыстырып, Бөгеті тауларынан алған әсерімен бөліседі.

"Көзбен көргенді шынайы бейне ретінде қабылдауға ми біраз тосқауыл қояры анық. Бұл осы жерде ме, біздің жерде ме, дәл қазір ме дегендей... Бірақ шындығыда, бұлар біздің туған жердің шатқалдары әртүрлілігімен таңғалдырады. Таулар қызыл түстің барлық реңкін береді - сарғыш қызылдан қою қызылға дейін. Миллиондаған жылдар бұрын аққан лава әртүрлі пішінде қатып қалған, ал табиғат күштері болса (су, жел және аптап ыстық) әр шыңды өз бетінше әдемілеп, керемет көрініс жасаған", - дейді Елена.


Фото: Ерік Түркебаев  

Тағы бір алматылық журналист және тревел-блогер Елена Мельникова, Бөгеті таулары өз көрінісінің ерекшелігімен тартқанын мойындайды.

"Олар Алтын-Емел саябағындағы Шарын шатқалына да, Ақтау тауларына да ұқсамайды. Мұндағы барлығы басқа ғаламшардың бетіне ұқсайды - Марстың немесе Айдың. Ең әсерлі көрініс - жергілікті таулардың ашық түстері. Қызыл түстен кірпіш түске дейін, одан қою күлгінге ауысады. Екіншісі - таулардың ерекше пішіндері. Егер кейбір беткейлерге қарасаңыз, желмен ойылған адамдар мен жануарлардың пішіндерін көре аласыз. Мұнда бір ерекше кеңдік, бостандық, шексіздік сезіледі. Егер айналаға кейбір шыңдардан қарасаңыз, көкжиек сызығы мүлдем жоқ сияқты көрінеді.

Мұнда сіз бәрін нәрсені таба аласыз: жанартау күлі, қабыршақ тастар, гипс тұзы, ол слюдаға ұқсайды және күннің көзінде гауһар тастай жарқырып жатады, петроглифтер, тастанды үңгірлер. Бөгетіде көптеген жоталар мен шатқалдрдың ішінде адасып кету оңай. Бұл аймақты жерден де, жаяу да, велосипедтен де, көлікпен де зерттеу қызықты. Бұл таулар әсемдігімен тартады, себебі, жердің пайда болу тарихы осында жатқандай. Онда сіз миллиондаған жылдар бұрын ғаламшардың қандай болғанын көре аласыз немесе керісінше өзіңізді ғарышкер ретінде елестете аласыз", - дейді Елена.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Горы вдохновения! (@leka_mountains)

Таулар атауының пайда болуының екі нұсқасы бар: біріншісі - түріктің "бугуту" - яғни, "бұғы тауы", екіншісі - тау шөбінің "бугу" атауынан.

Бөгеті - Іле Алатауының тау бөктері. Олар екі өзеннің арасында созылып жатыр - Шарын және Шілік. Бұл қызыл тау жүйесінің ерекшелігі - ол жаққа көтерілудің қажеті жоқ, керісінше, оған қарай түсу керек.


Фото: Ерік Түркебаев  

Таулар екі массивтен тұрады - Үлкен Бөгеті және Бала Бөгеті. Таудың максималды биіктігі сәйкесінше теңіз деңгейінен 1441 және 1816 метр биікте.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Эрик Туркебаев (@ericturkebayev)

Фотограф және саяхатшы Ерік Түркебаев Бөгетіге жиі саяхат ұйымдастырады. Оның айтуынша, бұл жерлерге, мысалы, Ассы үстірті, Көлсай және Қайыңды көлдері, Шарын шатқалына сияқты жиі келе бермейді, бірақ, әрине, бұл орын назар аударуға тұрарлық.

"Бөгеті екі тауға бөлінеді - Үлкен Бөгеті және Бала-Бөгеті. Үлкен Бөгеті ерекше пейзажға ие, әр түрлі түске қанық. Бала-Бөгетіде пейзаж ондай ашық емес. Қандай керемет? Үлкен Бөгетіге жолсыз автокөлікпен ғана жетуге болады, Бала Бөгетіге спринтермен немесе автокөлікпен жетуге болады, содан соң біраз жаяу жүру керек.

Сіз осы орындардың біріне келгенде, оларды басынан аяғына дейін қарап өту үшін көп уақыт қажет емес. Ол жерлер өте әдемі. Бақылау алаңынан сіз бәрін көре аласыз. Бала Бөгеті жиі Жолбарыс тауларымен салыстырылады. Менің ойымша, олар мүлдем басқа. Бала Бөгетіде болғанда, сіз Марста жүргендей сезінесіз. Жаңбырдан кейін таулар ерекше реңкке ие болады", - дейді Ерік.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Эрик Туркебаев (@ericturkebayev)

Бөгеті тауларының орта таулы рельефі бар, ол жұмсақ және тегіс пішінді төбешіктерден тұрады. Таулардың кейбір бөліктері осылай аталады: Құдайберген шоқылары, Қосқара шоқылары. Алайда кей жерлерде беткейлер тік және тасты. Орта таулар барлық жағынан тік шектелген. Су ағындары көптеген шатқалдарды кесіп өтіп, лабиринттер құрайды, олардың үстінде қазір тасты шыңдар көрінеді.

Бөгеті тауларында тау бұлақтары жер үсті суларының негізгі көзіне айналды. Күн көкжиекке қарай батқан кезде, су мен желдің әсерінен пайда болған ойықтар көгілдір көлеңкелермен ерекшеленеді.

Бөгеті тауларында Қызыл кітапқа енген қошқарлар, түлкілер, қояндар, кекіліктер, дала бүркіті жиі кездеседі. Өсімдіктер тек бірнеше бұта түрлері мен шөптер болып келеді.


Фото: Ерік Түркебаев  

Шығу тарихы

Пермь кезеңінің соңында (шамамен 252 миллион жыл бұрын аяқталған) Бөгеті тау жотасы үлкен белсенді жанартау болды.

Мезозой дәуірінде (66 миллион жыл бұрын аяқталған) қазірдің өзінде жазық болған, оның үстінде ұсақ тастар бұрынғы кальдераның қалдықтары орналасқан. Ал кайнозойда (ол 66 миллион жыл бұрын басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда) жазық төмен қарай суға батып, үлкен ішкі теңіз пайда болды, оның іздері шөгінді жыныстар түрінде әр жерде кездеседі.


Фото: Ерік Түркебаев  

Жақында геологиялық стандарттар бойынша таулар қайтадан "өсті". Қазіргі Бөгеті ежелгі кальдераның іздері емес (жанартау іспетті үлкен қазандық тәрізді кең бассейн, көбінесе қабырғалары тік және түбі азды-көпті жазық). Жанартаулық белсенділікті еске салатындар - бұл ыстық бұлақтар, тасқа айналған жанартау күлдері, мұздатылған лава ағындары, олар динозаврлар пайда болғанға дейін тоқтаған.

Қашан бару керек?

Мұнда болғандар Бөгетіге көктемнің ортасында немесе күздің басында барған дұрыс екенін атап өтеді. Жазда және қыста мұнда тым ыстық немесе тым суық болып келеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tatyana Drujinina Travelblog (@live_feel_travel)

Жол

Бөгеті, жоғарыда айтылғандай, Алматыдан 170 шақырым жерде. Құлжа жолының бойымен қара жолға шыққанға дейін 142 шақырым жүру керек. Содан кейін оңға бұрылып, шағын шатқалға апаратын жолмен жүру қажет. Бұл жерден жол жоғары аңғарға көтеріледі. Оның бойымен бірнеше далалық жолдардың қиылысына дейін шамамен 10 шақырым жүру керек. Мұнда сіз солға бұрылып, көрінетін тауларға қарай тағы бес шақырым жүру қажет болады.

Содан кейін сіз шопан үйінің жанынан өтіп, шатқалдың түбімен жүруіңіз керек. Шатқалдан шығарда қызыл тауларды көресіз. Оларға жақындау үшін жол қиылысына дейін жүріңіз, содан кейін оңға бұрылыңыз. Содан соң, кішкене асуды еңсере отырып, жол қиылысына қайта жетіп, оңға бұрылу керек.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатыны біздің қолымызда.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная