Әлемдегі ең қауіпті және қауіпсіз елдер тізімі жарияланды

Саяхаттауға таңдалатын ел көбіне қауіпсіздік деңгейіне байланысты болады. The Swiftest зерттеу тобы компаниясы әлем елдерінің қауіпсіздік деңгейін саралап, "Қауіпсіз саяхат индексін" шығарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қауіпсіз саяхат индексі" мынадай факторларға байланысты шығарылды:

100 000 адамға кісі өлтіру саны;
100 000 адамға жол-көлік оқиғасы салдарынан өлім деңгейі;
100 000 адамға қасақана емес уланудан қайтыс болу деңгейі;
100 000 адамға санитарлық жағдайдың төмен болуынан, таза емес су және қажетті гигиенаның жоқтығынан қайтыс болу деңгейі;
100 000 адамға жұқпалы аурулардың салдарынан жоғалтқан жылдар саны;
100 000 мың адамға мүмкіндігі шектеулі жандарды қоса есептегенде жарақат алып, жылдар бойы емделу;
табиғи апат тәуекелдері (0-50 ұпай)

Қауіпсіз елдер тізімінде Сингапур көш бастады. Кісі өлтіру, жол-көлік оқиғасы немесе табиғи апат мұнда мүлде жоқ десе де болады. Бұл елде қылмыс деңгейі басқа елдермен салыстырғанда өте төмен. Сингапурда полицейлер өте көп және қылмыс үшін қатаң жалайды.

Үздік ондықтың тізімі мынадай:

Сингапур
Дания
Нидерланды
Швейцария
Израиль
Швеция
Австрия
Ирландия
Италия
Германия

Ең қауіпті елдер:

Оңтүстік Африка
Үндістан
Доминикан Респбликасы
Мексика
Бразилия
Камбоджа
Филиппины
Сауд Арабиясы
Вьетнам
Индонезия

Қауіпсіз және қауіпті елдер тізімінде 50 ел бар, алайда бұл рейтингте Қазақстан жоқ. Алайда көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан осы рейтингтің дәл ортасында тұр.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.