Әлемдегі ең қауіпсіз қала аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Копенгаген. Фото: elements.envato.com Копенгаген. Фото: elements.envato.com

Халықаралық зерттеушілер әлемнің 60 қаласындағы қылмыс деңгейін талдап, ең қауіпсіз деп атады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Халықаралық зерттеушілер әлемнің 60 қаласындағы қылмыс деңгейін талдап, ең қауіпсіз деп атады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Сарапшылар қалаларды цифрлық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, қоршаған орта және жеке қауіпсіздік категориялары бойынша бағалады. Нәтижесінде The Economist Intelligence Unit рейтингінің мамандары Дания астанасын ең қауіпсіз қала деп атады. Копенгаген жылдық есепте 100-ден 82,4 ұпай жинады.

Дания астанасы 2019 жылғы сегізінші орыннан тізімде бірінші орынға көтерілді. Бұл қала жеке қауіпсіздігімен қатар ерекше жоғары нәтижелер көрсеткен экологиялық қауіпсіздік бөлімін енгізуге байланысты болды.

"Копенгагенді қауіпсіз қалаға айналдырудың маңызды факторларының бірі - қылмыстың төмен деңгейі, ол қазір он жылдан астам уақыт ішінде ең төменгі деңгейде", - делінген хабарламада.

Дания астанасынан кейін Канададағы Торонто қаласы (82,2 балл), одан кейін Сингапур (80,7 балл) болды. Ең қауіпсіз ондыққа Австралиядағы Сидней (80,1 балл), Жапониядағы Токио (80 балл), Нидерландыдағы Амстердам (79,3 пайыз), Жаңа Зеландиядағы Веллингтон (79 пайыз), Гонконг (78,6 пайыз), Австралиядағы Мельбурн (78,6 пайыз) және Швециядағы Стокгольм (78 балл) кірді. Айта кету керек, The Economist Intelligence Unit рейтингіне Қазақстан қалалары кірмеген.

Деректер қауіпсіздігі Сиднейде, ал Токиода денсаулық сақтау саласы жақсы дамыған. Инфрақұрылым қауіпсіздігінде көшбасшы Гонконг, жеке қауіпсіздікте Копенгаген болды. Қоршаған орта қауіпсіздігі бойынша Веллингтон бәрінен озды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel