Әлемдегі елес бейнеленген ең танымал орындар аталды

Повелья аралы, Италия. Фото: Chris 73

Елес бейнесі бар ең танымал көрікті жерлер аталды. Толық тізімді Travel and Leisure порталы жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елес бейнесі бар ең танымал көрікті жерлер аталды. Толық тізімді Travel and Leisure порталы жариялады.

Бірінші орында Ұлыбританияның Норфолк округіндегі Рейнхэм Холл тұр. Қамал 1936 жылы елеспен түсірілген "Қоңыр ханымның" суреттері арқасында танымал болды.

Туристер үшін мистикаға толы екінші жер - Италиядағы Повелья аралы. Бұл жер XVIII-XIX ғасырларда Венецияға келген матростар үшін карантин изоляторы болды, ал кейінірек, ХХ ғасырда аралда психиатриялық аурухана орналасқан. Елес "аңшылары" Повельяны паранормал құбылыстардың ошағы деп санайды.

Реклама
Реклама

Үшінші орынды Үндістандағы тасталған бхангар бекінісінің қирандысы алды. Жергілікті тұрғындар ежелгі қабырғаларда сүйіктісі қабылдамаған сиқыршының қарғысына байланысты елестер өмір сүретініне сенімді.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная