Әлемдегі бақытты елдер: Қырғызстаннан қалдық, Ресейден оздық

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2012 жылдан бері бақытты елдердің рейтингін жариялап келеді. World Happiness Report деп аталатын тізімде Қазақстан да бар. Биыл бұл рейтингте 4 саты жоғарылаған, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы. 

Бақытты елдер рейтингін түзуде түрлі факторлар назарға алынады. Олардың қатарында халықтың өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік көмек, сыбайлас жемқорлық, өмірлік маңызды шешімдер қабылдаудағы еркіндік дәрежесі, ішкі өнімнің тұрғындарға қолайлылығы және т.б. бар.

4 сатыға жоғарылаған Қазақстан 36-орынға табан тіреген. Ал бақытты елдер көшін төртінші жыл қатарынан Финляндия бастап тұр. Одан кейін Исландия, Дания, Швейцария, Нидерланд, Швеция, Германия, Норвегия, Жаңа Зеландия және Австрия орналасқан.

Әлемдегі алпауыт ел саналатын АҚШ 14-ші, Қытай 52-ші, ал Ресей 60-шы орынға жайғасқан.

Рейтинг соңында Зимбабве мен Танзания елі тұр.