Әлемде ерсі қылықтарымен есте қалған туристер анықталды

Видеодан үзінді

Travel Noire сайты 2023 жылы әлемде ерсі қылықтарымен көзге түскен 6 туристі атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Travel Noire сайты 2023 жылы әлемде ерсі қылықтарымен көзге түскен 6 туристі атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Сонымен былтыр нашар мінез-құлқымен жұртты таңғалдырған туристер кімдер екенін зерделеп көрейік.

Америкалық жүргізуші. Былтырғы жылдың басында америкалық турист көлікпен Италияның Флоренция қаласындағы жаяу жүргіншілерге арналған Понте Веккьо көпірімен жүріп өтті. Өзінің ақылға қонымсыз әрекеті салдарынан ол жол жүру ережелерін бұзып қана қоймай, ортағасырлық көрнекі орынға зиян келтірді. Сөйтіп 500 еуро (шамамен 250 000 теңге) айыппұл арқалады.

Реклама
Реклама

Қытай гурманы. Ақпан айында қытайлық журналист ақ акуланы пісіріп, тікелей эфирде жегені үшін көпшіліктің сынына ұшырады. Табиғи ортада әуесқой туристер мен кәсіби сүңгуірлердің өзі кездеспеуге тырысатын акуланың бұл түрі Қытайда заңмен қорғалған екен. Осылайша гурмандық қасиеттерімен ерекшеленіп, түскі ас ішкісі келген бойжеткен қоғамдық айыптауға тап болып, онымен қоймай 125 000 юань (шамамен - 8 миллион теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ресейлік нудист. Наурыз айында ресейлік турист Балидің тропикалық аралынан депортацияланды. Белгілі болғандай ол индус құдайы Шиваға арналған қасиетті Агунг тауына шығып алып, жартылай жалаңаш фотосессия жасаған: ресейлік турист қасиетті таудың шыңына көтеріліп, шалбарын шешіп, суретке түскен. Кейіннен оны желіге салған. Мұндайды бұрын-соңды көрмеген Бали билігі жағасын ұстаған көрінеді. Кейіннен турист қанша кешірім сұрағанымен балиліктердің ашуын тыя алмады. Салдарынан ресейлік "қара тізіммен" қоса ерсі қылығымен танылған туристер қатарына енгізілді, бұдан бөлек елге кіруіне тыйым салынды.

Франциялық ғашықтар. Мамыр айында франциялық жұп Париж мейрамханасынан құны 2 миллион доллар "Мишлен" жұлдызы бар шарапты ұрлағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Белгілі болғандай, олар өздерін бай шарап коллекционерлері ретінде таныстырып, мейрамхана жертөлесіне кіріп, сирек кездесетін, әрі қымбат 101 бөтелке шарапты ұрлаған.

Канадалық жүзуші. Маусым айында Канададан келген туриске Венециядағы Риальто көпірінің астында жүзгені үшін 1 000 доллар айыппұл салынды.

Болгариялық суретші. Италияда болгариялық саяхатшы Римдегі Колизей қабырғасына өз атын ойып жазған. Италия билігі оны іздестіріп, қомақты айыппұл салды. Желіде "вандал" деген лақап атқа ие болған турист Колизейдің тарихи маңыздылығын жете түсінбегенін мәлімдеді.

Айта кетейік, біздің елде де көрнекі орынға қашап жазғысы келетін туристер жоқ емес. 2023 жылы Маңыстау облысындағы Ыбықты сайда есімін қашап жазған ақтөбелік шенеуніктің әрекеті видеоға түсірілді. Кейінірек оның Ақтөбе облысы Қазақ зағиптар қоғамының қалалық мәдениет үйінің директоры қызметінен кеткені хабарланды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная