Алаяқ Бұқтырмаға демалуға келген туристерді алдап соққан

Өзкемендік алаяқ Бұқтырмаға келген туристерге жоқ үйлерді жалға берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV телеарнасына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жас жігіт тамыз-қыркүйек айларында демалыс туралы жарнамалар мен жайлы пәтерлердің фотосуреттерін жариялап веб-сайт құрған. Адамдар үйлерді жалға алып, алдын ала төлем де жасаған. Алайда, келгеннен кейін олар бірде-бір бөлме немесе жалдаушыны да таппаған

Бұқтырмада "барқыт" маусымын қарсы алғысы келетіндер әлі де полицияға арыз жазып жүр. Алаяқ демалушылардың сенгіштігін пайдаланып, жарты миллион теңгеге жуық табыс тапқан. Қазір 21 жастағы қылмыскер ұсталды. Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!