Алакөлге пойыздар мен автобустар қатынай бастады

© instagram/nurshaty_m

1 маусымнан бастап Алакөлге пойыздар мен автобустар қатынайтын болады. Теміржол көлігі тақ күндері, ал жолаушылар автобусы күнделікті жүреді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1 маусымнан бастап Алакөлге пойыздар мен автобустар қатынайтын болады. Теміржол көлігі тақ күндері, ал жолаушылар автобусы күнделікті жүреді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Турситер ыңғайлығы үшін жолға 15 вагон қойылды. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдерінің айтуынша, автобус билеттері 3,5 мыңнан жеті мыңға дейін тұратын болады. Тасымалдаушыларға берілетін тендер келісілудің соңғы кезеңінде екен.

"Пойыз плацкарт және купе-вагондардан құралады, жалпы 342 орын болады. Қазіргі таңда Министрлік тасымалдаушыны таңдап жатыр. Қасымша облыс орталығынан Алакөлге күніне екі рет облыс аралық автобустар қатынайды", - дейді ШҚО Жолаушылар көлігі мен автожолдар басқармасы бөлімінің жетекшісі Қуаныш Акрамов.

Реклама
Реклама

Көліктік инфрақұрылымының дамуымен 2023 жылы туристік нысандарға тоғыз миллиондай қазақстандық келеді - үкімет болжамы осындай.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная