Алакөл көліне 11 бағыт бойынша пойызбен жетуге болады. Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ-дан сапардың қанша тұратынын білді.
Нұр-Сұлтан қаласынан Достық станциясына дейін аптасына екі рет әлеуметтік маңызы бар пойыздар, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен субсидияланатын "Тальго" вагондарын жасақтайтын № 54/53 Нұр-Сұлтан НЖ - Достық және № 258/257 Нұр-Сұлтан-1 - Достық пойыздары жүреді. Маусымда купе вагонында жол жүру құны 10 149 теңгені, плацкарт 6 663 теңгені құрайды.
№ 121/122 Нұр-Сұлтан – Семей пойызының купе вагонында жол жүру құны маусымда 7 952 теңгені құрайды, плацкарт 5 213 теңгені тұрады.
Фото Нурика Ошақбаева
Маусымда № 6941/6942 Ақтоғай - Достық пойызының купе вагонында жол жүру құны 2 914 теңге, плацкартында 2 056 теңге тұрады. № 21/22 Қызылорда - Семей пойызының купесінде жол жүру 11 393, плацкартында 7 471 теңге болады. Бұл пойыздар күн сайын жүреді.
Сондай-ақ, ұлттық тасымалдаушы "Тальго"вагондарымен екі пойызды іске қосты. Маусымда № 211/212 Алматы-2 - Достық пойызының купелік вагонында орын 9 826 теңге, люксте - 11 698 теңге тұрады. № 453/454 Алматы-2 - Достық поезының купесінде жол жүру құны - 9 088 теңге, люксте - 10 808 теңге.
Шығыс Қазақстан облысынан келген туристер Өскемен - Достық № 459/460 құрамын пайдалана алады. Маусымда плацкарт вагондағы орын үшін 4 159 теңге немесе купедегі орын үшін 6 253 теңге төлеуге болады. Сондай-ақ, № 6941/6942 Ақтоғай - Достық пойызымен маусым айында плацкарт вагонда билет құны - 2 056 теңге, купеде-2 914 теңге.
Абай облысынан күнара Алакөл жағалауына № 457/458 Семей - Достық пойызы қатынайды. Маусымда оның купесіндегі орын 5 740 теңге, плацкартадағы орын - 3 837 теңге.
Фото Нурика Ошақбаева
Тасымалдаушы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап әлеуметтік маңызы бар пойыздарға динамикалық баға белгілеу енгізілетінін, құны минус/плюс 25 пайыз аралығында өзгеретінін атап өтті.
Билеттерді сату пойыз жөнелтілгенге дейін 45 күн бұрын ашылады. Оларды билет кассаларынан, "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшелерінен, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтарынан немесе интернет-сайттардан сатып алуға болады.
Егер қажетті маршрутқа билет болмаса, ҚТЖ сайтындағы "Күту парағы" қызметін пайдаланып, кезекке тұруға болады. Мұны пойыз жөнелтілгенге дейін жеті күннен ерте емес және екі сағаттан кешіктірмей жасауға болады. Бос орындар пайда болған кезде клиент жеке кабинеттен орындарды сатып алу қажеттілігі туралы ақпаратты, сондай-ақ СМС-хабарлама арқылы алады. Пойыз жөнелтілгенге дейін жеті күн бұрын және электив вагондарға - пойыз жөнелтілгенге дейін бес күн бұрын қайтарылған билеттер қолжетімді болады.
Клиентке билетті сатып алуға 120 минут уақыт беріледі. Егер билет сатып алынбаса, өтінім күшін жояды және орынды сатып алу мүмкіндігі кезекте тұрған келесі клиентке беріледі.
Жолаушы бір купенің барлық орнына билет сатып ала алады, басқаша айтқанда, ол төрт орыннан артық орын сатып ала алмайды. Бұл жағдайда жолаушы купеде сатып алынған орындардың жалпы саны бойынша жол жүру құнын толық тариф бойынша төлейді. Бір билетте бір адамға жол жүру ресімделеді. Билетте көрсетілмеген адамдардың жол жүруіне жол берілмейді.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!