Алакөлдегі Үшарал әуежайы Ресейден әуе рейстерін қабылдайды

Қазақстан мен Ресейдің кем дегенде төрт қаласынан ұшақтар Алакөл көлінің оңтүстік жағалауындағы Үшарал әуежайына ұшатын болады. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Kaz.tengritravel.kz тілшісінің сауалына жауап бере отырып хабарлады.

Алматы облысы автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, топырақты ұшу-қону жолағын қалпына келтірілгеннен кейін Үшарал әуежайынан рейстерді Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, сондай-ақ Түркістан және Ресей Федерациясының қалаларында жүзеге асыру жоспарланған. Рейстердің жиілігі туралы қосымша хабарланатын болады.

Үшарал әуежайындағы ҰҚЖ-ны реконструкциялау жұмыстары уақытылы қаржыландырылса, 2022 жылғы 15 маусымға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Содан кейін олар 20-25 күн ішінде сертификат тексеруінен өтеді.

Әуежай ғимаратының өзі 2017 жылы пайдалануға берілді. Туристерге ыңғайлы болу үшін мұнда 50 адамға арналған күту аймағы, ана мен бала бөлмесі, кафетерий, бес санитарлық торап және бір жолаушылар терминалы бар. Өткізу қабілеті - сағатына 50 адам.

"Үшарал қаласының әуежайы ҰҚЖ қайта құру және сертификаттық тексерулерден кейін түнгі уақытта және сұраныс бойынша ұшақтарды қабылдау жоспарланған. Жаңартылған қону жолағы кең фюзеляжды әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл көрші елдерден туристерді тартуға көмектеседі. Бұдан басқа, алдағы кезеңге телескоптық траптарды сатып алу жоспарланған", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.