Алакөлдегі Үржар әуежайы қандай әуе рейстерін қабылдайды

@yakutova_katerina

Қазақстанның төрт қаласынан ұшақтар Алакөл көлінің шығыс жағалауына, Үржар қаласына ұшатын болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның төрт қаласынан ұшақтар Алакөл көлінің шығыс жағалауына, Үржар қаласына ұшатын болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

"Алакөл көлі жағалауының алдағы туристік маусымына қарай Үржар ауылы әуежайының Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен және Семей қалаларымен күнделікті әуе қатынасы жаңартылады", - делінген ведомствоның Kaz.tengritravel.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Реклама
Реклама

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде әуежайда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, ұшу-қону жолағы ұзартылды, рульдеу жолы салынды, тұрақ орындары кеңейтілді, ұшуларға жерүсті қызмет көрсету объектілері салынды. Жақын арада жарық-сигнал жабдығын орнату жоспарланған.

"Әуежай жолаушыларын қолайлы сервиспен қамтамасыз ету үшін Үржар ауданының әкімдігі аэровокзал ғимаратын қайта жаңғырту бойынша жұмыс жобасын дайындау мәселесін пысықтап жатыр. Оның өткізу қабілетін сағатына 100-150 жолаушыға дейін арттыру көзделген", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алакөл көлінің оңтүстік жағалауына, Үшаралға Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Түркістан қалаларынан және Ресей Федерациясының қалаларынан ұшақтар ұшатыны айтылған болатын. Рейстердің жиілігі туралы қосымша хабарланады.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная