Алакөлдегі кафелердің бірінде жаппай төбелес болды


Алакөл ауданының Ақши ауылындағы кафелердің бірінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ПД мәліметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары мәліметінше, оқиға 16 тамызға қараған түні болған.

"Алакөл аудандық полиция бөлімі барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына жергілікті полиция инспекторы мен жедел-тергеу тобын жіберді. Күзетшілер келгеннен кейін дәмхана қызметкерлері арыз жазып, деректі растады.

Қазіргі уақытта жанжалға қатысушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлігі 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы туралы кейінірек хабарланады. Төбелес кезінде куәгерлер мен жәбірленушілер полицияға хабар түсірмеген", - делінген департамент хабарламасында.

Әлеуметтік желі қолданушылары жергілікті тұрғындар туристермен төбелескенін жазып жатыр. Жаппай төбелестің видеосы Facebook-тегі "Талдыкорганец" тобында жарияланды. Айта кету керек, бұл деректі полиция растаған жоқ.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Осыған ұқсас мақалалар

"Алматыдан Нұр-Сұлтанға жаяу барады" - әуекомпания видеоға қатысты түсінік берді "Алматыдан Нұр-Сұлтанға жаяу барады" - әуекомпания видеоға қатысты түсінік берді
Қазақстандықтар үшін 25 елге әуе рейстері орындалады Қазақстандықтар үшін 25 елге әуе рейстері орындалады
​Елімізде ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді ​Елімізде ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді