Алакөлдегі әуежайларда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Фото Юлия Чернявская

Алакөлдегі Үржар және Үшарал қалалары әуежайларының ұшу-қону жолақтарында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Kaz.tengritravel.kz тілшісі толығырақ баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алакөлдегі Үржар және Үшарал қалалары әуежайларының ұшу-қону жолақтарында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Kaz.tengritravel.kz тілшісі толығырақ баяндайды.

Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2022 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 75 пайызға орындалған. Нысанды пайдалануға беру осы жылдың III тоқсанының басына жоспарланып отыр.

"Бүгінде бейнебақылау, сыртқы жарықтандыру және электрмен жабдықтау желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, РД-5 және РД-6 (РД - рульдеу жолы) негіздері және периметрлік қоршау бағаналары орнатылып жатыр. Осы жылдың 15 мамырынан бастап бетоннан ұшу-қону жолағы жабынының жоғарғы қабатын орнату жұмыстары басталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Үржар әуежайына келетін болсақ, ұшу-қону жолағын жөндеу және іске қосу 2022 жылдың 15 маусымынан 2022 жылдың 1 шілдесіне дейінгі кезеңге жоспарланған. Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, әуе айлағын сертификаттау қорытындысы бойынша әуе айлағы рейстерді қабылдай алады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная