Азаматтық авиация комитеті Алакөлдегі дельтапланның құлауына қатысты тың дерек айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
25 шілдеде Алакөл көлінде (Ақши ауылы, Алакөл ауданы, Жетісу облысы) әуе кемесінің құлауынның салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген болатын.
Комитет мәліметінше, бұл әуе кемесі азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізімінде тіркелмеген, тиісінше оның ұшуға жарамдылығы сертификаты болмаған. Ұшқышта авиация персоналының қолданыстағы куәлігі жоқ.
"Әуе кемесінің құлау себептерін тергеумен құқық қорғау органдары айналысады. Әлеуметтік желілерде әуе кемелерінде, шарларда және басқа да ұшу аппараттарында әуе сапарларын жарнамалау жағдайлары жиілеп кетті. Осыған байланысты біз барша азаматтарға үндеу жолдаймыз. Әуе көлігін таңдау кезінде қауіпсіздіктің негізгі аспектілерін ескеру маңызды", - дейді комитет өкілдері.
@cocojambo444 #алаколь #трагедия #самолет ♬ оригинальный звук - cocojambo
- әуе кемесінің иесінің уәкілетті органдар берген барлық қажетті лицензиялары мен сертификаттары бар екеніне көз жеткізіңіз;
- әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету қашан жүргізілгенін біліңіз;
- ұшқыштың тәжірибесі мен біліктілігі туралы біліңіз. Оның әуе кемесінің белгілі бір түрін басқару үшін жеткілікті тәжірибесі болуы қажет;
- әуе кемесінің иесі өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, соның ішінде жолаушылар алдындағы жауапкершілігін сақтандырғанына көз жеткізіңіз;
- ұшу алдында қауіпсіздік бойынша нұсқама мен көрсетілім өткізілуі тиіс. Бұл сізге төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуге көмектеседі;
- барлық апаттық-құтқару жабдықтары (мысалы, құтқару кеудешелері) жарамды күйде екендігіне көз жеткізіңіз;
- ұшу алдында ауа райының ұшу үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізіңіз. Қолайсыз ауа райында ұшудан аулақ болыңыз.
Ұшу қауіпсіздігіне күмәніңіз болса, ақпарат алу үшін Азаматтық авиация комитетіне және "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ға хабарласыңыз.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!