Алакөл сулары демалыс орындарына таяп, ғимараттарды шайып жатыр

Алакөл көлінің суы жағалауда орналасқан демалыс орындарына таяп, ғимараттарды шайып жатыр. Бұл туралы әлеуметтік желіде куәгерлер мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Instagram-да Алакөлдің сол жағалауындағы Ақши ауылының маңында түсірілген видео жарияланды. Онда судың демалыс орнына қатты жақындағаны және биік жағалаудың опырылып жатқанын көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Алматинской области. (@kris_p_tdk)

Жетісу облысы әкімдігі өкілдерінің айтуынша, видеодағы нысан 1974 жылы салынған. Бұл демалыс үйі әлі күнге дейін жұмыс істейді екен. Жер телімінің аумағы 2300 метрден асады.

"Ол салынғаннан бастап Алакөл көлінің суы көктем және күз айларында көтерілетін болғандықтан жағасы шайылатыны белгілі. Сол себепті көлдің суына тосқауыл болатын дамба салу жоспар бойынша іске асырылған. Бұл кәсіпкерлердің мүлкі мен жағалауды ұстау үшін істелген.

Бұл жобаның негізгі мақсаты - көл жүйесін сақтап қалып, жағалаудың бүлінуін тоқтату және ережеге сәйкес Ақши мен Көктұма ауылдарындағы ғимараттардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді шенеуніктер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Алматинской области. (@kris_p_tdk)

Алакөлдегі суқорғау аумағы 2006 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқаны айтылады.

"Өкінішке орай көлдің табиғи факторы бар - судың толқуы, суқорғау тізбектерін шайып кетеді", - деді әкімдік өкілдері.

"Бұл мүліктің түрі сақтандырылмаған. Сонымен қатар, мемлекет қарамағындағы жер теліміне иелік ету аукцион арқылы жүргізіледі. Былайша айтқанда, заңда табиғи апат салдарынан зардап шеккен жер теліміне мемлекет ешқандай материалдық көмек көрсетпейді", - деп қорытындылады әкімдіктегілер.