Алакөл көлінің жағасындағы туристтік демалыс аймақтарын салуға арналған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Алакөл ауданының прокуратурасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Алакөл ауданының прокуратурасына сілтеме жасап.

Аудан прокуратурасының басым бағыттарының бірі мемлекеттік бюджетті толтыру арқылы мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Жер Кодексінің талаптарына сәйкес, егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, мұндай жер учаскесi мәжбүрлеп алып қоюға жатады делінген.

Аудан прокуратурасының жүргізілген талдау жұмыстарымен аудан аумағында Алакөл көлінің жағасындағы туристтік демалыс аймақтарын салуға арналған ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған 9 га астам жер телімдері анықталып, заң бұзушылықтарды жою бойынша тиісті қадағалау актілері енгізілді.

Нәтижесімен 244 миллион теңге сомасын құрайтын 18 жер телімдері мемлекет пайдасына қайтарылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная