@Shutterstock @Shutterstock

Алакөл жолының жөндеу картасы ұсынылды


Алакөлге баратын жолды жөндеу 2023 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалында оның қазіргі жағдайы туралы ақпарат берілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, жолдың 89 пайызы асфальтпен жабылған, қалған 11 пайызы - уақытша айналма жолдар. Оларды күтіп ұстау мердігерлердің қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.

"Талдықорған қаласынан Алакөл көліне дейінгі автомобиль жолының ұзындығы 334 шақырымды құрайды. Оның ішінде бүгінде жабынның төменгі қабаты (асфальт) бойынша 300 шақырым жол жүру қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, ұзындығы 34 шақырым болатын уақытша айналма жолдар бар, мұнда профильдеу және шаңсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Ұлттық компания ұсынған картаға сәйкес, Талдықорған-Қалбатау-Өскемен тасжолындағы Талдықорғаннан Үшаралға дейінгі жолдағы жеті айналма жол қызыл түспен белгіленген. Жол жобасы бес бөлікке бөлінген, олардың әрқайсында бір-екі шағын айналма жол бар. Бұл ретте Көлбай ауылынан Қабанбай ауылына дейінгі төртінші учаскенің бөлігінде жүргізушілер уақытша жол бойымен шамамен 20 шақырым жүруге мәжбүр болады.

"Қазавтожолдың" Алматы облыстық филиалының мәліметінше, Талдықорған-Өскемен жолының құрылысын аяқтау 2022 жылдың соңына жоспарланған болатын, бірақ құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты мердігер жұмысын жалғастыра алмады.

"Қазір бұл жолдың құрылысы басталды, оны 2023 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр", - деп атап өтті ұлттық компаниядағылар.

Үшарал-Достық учаскесіне келетін болсақ, ол екіге: басындағы 60 шақырымға және 120 шақырымға бөлінген. Бұл ретте бірінші бөліктің екінші жартысы - 30 шақырым 2020 жылы пайдалануға берілді. Екінші бөлім жабынның төменгі қабатымен қамтамасыз етілген. Онда жүргізушілер төрт айналма жолды еңсеруге мәжбүр болады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Алматы облысында мектеп оқушыларына "жанды сабақтар" өткізілді Алматы облысында мектеп оқушыларына "жанды сабақтар" өткізілді
Алакөлде пойыздың астынан өткен туристер видеоға түсірілді Алакөлде пойыздың астынан өткен туристер видеоға түсірілді
Қазақ-қырғыз шекарасында туристік автобустар арнайы жолдан өтеді Қазақ-қырғыз шекарасында туристік автобустар арнайы жолдан өтеді