Ақтөбеден жаңа рейстер ашылады

Әлия Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежай Ақтөбеден жаңа бағыттарды іске қосуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлия Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежай Ақтөбеден жаңа бағыттарды іске қосуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оралға рейстерді Qazaq Air әуекомпаниясы орындайды, ал Ташкентке Uzbekistan Airways ұшатын болады.

Реклама
Реклама

"Ақтөбеден Орал қаласына 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап сейсенбі және сенбі күндері ұшуға болады", - деп хабарлады "Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Дастан Малиев.

Ташкентке рейстер 1 қарашадан бастап іске қосылады деп жоспарланған. Қазір мемлекеттік органдармен келіссөздер жүріп жатыр.

"2022 жылдың 1 қарашасынан бастап, яғни сейсенбіде біздің тұрғындар Өзбекстан астанасына баруға мүмкіндік алады. Қазір келіссөздер жүріп жатыр", - деді Дастан Малиев.

Ақтөбе әуежайы бүгінде 12 бағытта жолаушылар рейстеріне қызмет көрсетеді. Жыл соңына дейін бағыттар саны 14-ке дейін артады.

"2022 жылы Анталияға рейстер саны аптасына 6 ретке дейін, Мәскеуге - аптасына 4 рейске дейін ұлғайтылды. Шілдеде Бакуге тұрақты рейстер ашылды. 19 қазаннан бастап Пхукет аралына, Таиландқа, 24 қазаннан бастап Дубайға, БАӘ-ге рейстер ашылады", - деп толықтырды Малиев.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная