Ақтөбе облысында браконьерлерден 320 дана киік мүйізі табылды

Фото: instagram.com/qazaqormany

Қазақстанда браконьерлік деректері анықталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда браконьерлік деректері анықталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл жолы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы аумағындағы Қосбармақ елді мекенінде Қызылорда облысының 2 тумасы ұсталды. Оқиға 21 қыркүйекте Экология министрлігіне қарасты ұйымдардың қызметкерлері мен Ырғыз облысының полициясы жүргізген рейд кезінде болған.

"Ұсталғандардан 320 дана киік жануарының мүйізіне ұқсас мүйіздер және 2 қос ұңғылы қаруы табылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонмен қатар, 2024 жылғы 22 қыркүйегінде Ақтөбе облысы Әйтеке-би ПБ-нің ЖПҚб УПИ қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар кезінде "Охотзоопром ӨБ" РМҚК Ақтөбе өңірлік филиалының инспекторлық топ құрамы Самара-Шымкент тасжолының 965-шақырымында "LADA Largus" маркалы автокөлігін тоқтатып-тексеру жүргізген. Көліктен 6 (алты) дана пакетке және 2 (екі) қапшыққа салынған болжам бойынша 4 (төрт) дана киік жануары етіне ұқсас заңсыз ет тасымалдауы анықталған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная