© pixabay.com © pixabay.com

Ақтөбе - Нүкіс әуерейсі қашан іске қосылатыны белгілі болды


Нүкіс пен Ақтөбе арасындағы тұрақты рейстер 31 тамыздан бастап іске қосылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Uzbekistan Airways АҚ Telegram-каналына сілтеме жасап. 

Хабарламада Нүкістен Ақтөбеге және кейін қайту рейстері сейсенбіде және бейсенбіде жүзеге асатыны айтылған. Нүкіс - Ақтөбе рейсіне әуебилет құны 1 048 000 сум (42 000 теңге), ал Нүкіс - Ақтөбе - Нүкіс билетінің бағасы 1 810 000 сумнан (72 500 теңге) басталады. 

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті осыған дейін таратқан мәліметке сәйкес, жаңа халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда - экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді. Рейстерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес екі елдің әуе компаниялары орындайтын болады.

Қазақстан тарапынан рейстерді SCAT әуекомпаниясы биыл 21 тамыздан бастап орындап жатыр. 

"Осылайша қазіргі уақытта рейстер саны артып, қазіргі уақытта екі ел арасында аптасына келесі бағыттар бойынша 32 тұрақты рейстер орындалады:

Нұр-Сұлтан – Ташкент: 6 рейс;

Алматы – Ташкент: 14 рейс;

Алматы – Самарқанд: 4 рейс;

Түркістан – Ташкент: 2 рейс;

Ақтау – Үргеніш: 4 рейс;

Ақтау – Нүкіс: 2 рейс;

Ақтөбе – Нүкңс: 4 рейс", - делінген ААК хабарламасында. 





Осыған ұқсас мақалалар

Көкті бағындырудың ең қауіпсіз жолы. Қазақстанда парапланмен қай жерлерде ұшуға болады? Көкті бағындырудың ең қауіпсіз жолы. Қазақстанда парапланмен қай жерлерде ұшуға болады?
Гидтің бәрі бірдей біле бермейтін сәулет өнерінің тарихы Гидтің бәрі бірдей біле бермейтін сәулет өнерінің тарихы
Алматы тауларында құтқару үйлері пайда болды Алматы тауларында құтқару үйлері пайда болды