Фото ©Qazaq Air Фото ©Qazaq Air

Ақтөбе және Нұр-Сұлтаннан Бакуге жаңа әуе рейсі ашылады


Ақтөбе - Баку - Ақтөбе және Нұр-Сұлтан - Баку - Нұр-Сұлтан жаңа бағыттары бойынша тұрақты рейстер 7 шілдеден басталады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі тасымалдаушының ресми сайтына сілтеме жасап.

Рейстерді Qazaq Air әуекомпаниясы сыйымдылығы 86 жолаушы креслосына дейінгі De-Havilland Dash 8-Q400 әуекемесінде жүзеге асыратын болады. Жол жүру уақыты 2 сағатты құрайды. Ұшулар аптасына екі рет: бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Бір жаққа билет құны - 57 мың теңгеден басталады.

Ақтөбе - Баку - Ақтөбе кестесі:

Бейсенбі

IQ 519 Ақтөбе 09:40 – Баку 10:40

IQ 520 Баку 11:30 – Ақтөбе 14:30

Жексенбі

IQ 519 Ақтөбе 14:00 – Баку 15:00

IQ 520 Баку 15:50 – Ақтөбе 18:50

Нұр-Сұлтан - Баку - Нұр-Сұлтан кестесі:

Бейсенбі

IQ 399 / 519 Нұр-Сұлтан 07:50 – Ақтөбе 08:50 / 09:40 – Баку 10:40

IQ 520 / 400 Баку 11:30 – Ақтөбе 14:30 / 15:20 – Нұр-Сұлтан 18:10

(Ақтөбеде 50 минут тұрады)

Жексенбі

IQ 385 / 519 Нұр-Сұлтан 12:10 – Ақтөбе 13:10 / 14:00 – Баку 15:00

IQ 520 / 386 Баку 15:50 – Ақтөбе 18:50 / 19:40 – Нұр-Сұлтан 22:30

(Ақтөбеде 50 минут тұрады)

Қазір Қазақстаннан Әзербайжанға аптасына тоғыз әуе рейсі бар. Алматы - Баку бағыты бойынша: Air Astana - екі; AZAL - екі; Ақтау - Баку бағыты бойынша: Fly Arystan - екі; AZAL - үш.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Қазақстанда әуекомпаниялардың зейнеткерлер үшін қандай жеңілдігі бар Қазақстанда әуекомпаниялардың зейнеткерлер үшін қандай жеңілдігі бар
Еуропаға саяхатты қалай жоспарлау қажет? Еуропаға саяхатты қалай жоспарлау қажет?
Гавайға ұшқан барлық жолаушыларға ерекше сыйлық берілді Гавайға ұшқан барлық жолаушыларға ерекше сыйлық берілді