Ақтаудан ұшып шыққан ұшақ бір жарым сағаттан кейін әуежайға оралған

Ақтау-Ыстамбұл бағытындағы ұшақ ұшып шыққан соң бір жарым сағаттан кейін әуежайға оралған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жолаушылардың бірі өзін нашар сезінгендіктен ұшақтың кері қайтуына мәжбүр болғаны айтылады.

"Рейсті орындау барысында жолаушылардың бірі өзін нашар сезінді. Әуе айлағының командирі әуежайға оралу туралы шешім қабылдады.

Ақтауға оралған бетте оларды медициналық қызметкерлер қарсы алды. Барлық процедура жүргізілген соң ұшақ қайта ұшып кетті", - деді SCAT әуекомпаниясындағылар.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, кәмелет жасына толмаған жолаушының жағдайы нашарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!