Нүкіс, Өзбекстан. Фото: ©Shutterstock Нүкіс, Өзбекстан. Фото: ©Shutterstock

Ақтаудан өзбекстандық Нүкіске тағы бір рейс ашылады


21 маусымда Uzbekistan Airways әуекомпаниясы Ақтау - Нүкіс бағыты бойынша Қазақстаннан Өзбекстанға тағы бір рейс ашады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Тасымалдаушының мәліметінше, 21 маусымнан бастап аптасына бір рет, дүйсенбі күндері әуекомпания Нүкіс - Ақтау - Нүкіс бағыты бойынша тұрақты рейс орындайды.

Билет құны 1 093 000 сумнан (шамамен 44 мың теңге), Нүкіс - Ақтау - Нүкіс бағыты бойынша 1 869 000 сумнан (шамамен 75 мың теңге) басталады.

Ташкент пен Самарқаннан Ақтауға және кері қарай Нүкіс арқылы өтпелі тарифтер енгізілді.

Қазақстандықтар осы жазда қай елдерде демала алады

Ақтау - Нүкіс бағыты бойынша қазақстандық SCAT әуекомпаниясы да рейсін қосты. Рейс аптасына бір рет жұма күндері болады. Әуетасымалдаушының баспасөз қызметіндегілер билет құны 36 мың теңгеден басталатынын атап өтті.

Алайда мұндай арзан билеттер сатылымда жоқ, Ақтау - Нүкіс бағыты бойынша қазір 68 мың теңгеден бастап ұшуға болады, кері бағытта билет бағасы 89 мың теңгеден басталады.

Қазақстанда Ақтау - Нүкіс және Алматы - Наманган әуе рейстері ашылды

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер бүгінгі таңда Өзбекстанға Нұр-Сұлтан - Ташкент, Алматы - Ташкент, Ақтау - Үргенч, Алматы - Самарқан бағыттары бойынша аптасына 30 рейсті "Эйр Астана", SCAT, FlyArystan және Uzbekistan Airways әуекомпаниялары жүзеге асыратынын хабарлаған болатын.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Шетелде 4 мың қазақстандық турист қалды Шетелде 4 мың қазақстандық турист қалды
Пхукетте қалып қойған қазақстандықтар Шымкентке жеткізіледі Пхукетте қалып қойған қазақстандықтар Шымкентке жеткізіледі
Қазақстандық туристер Мальдив пен Шри-Ланкадан Нұр-Сұлтанға жеткізілді Қазақстандық туристер Мальдив пен Шри-Ланкадан Нұр-Сұлтанға жеткізілді