Ақтаудан Лондонға әуе рейсі ашылады

12 мамырдан бастап Ақтау - Лондон халықаралық рейсі ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Air Astana мәліметінше, осы бағыт бойынша рейс аптасына екі рет - бейсенбі және сенбі күндері ұшады. Рейстер A321 LR әуе лайнерінде орындалады.

"КС 901 рейсі Алматыдан сағат 10.45-те ұшып, Ақтауға сағат 13.05-те келеді. Ақтау қаласынан Лондонға ұшу сағат 14.05-те, Лондонға сағат 16.50-де ұшып келеді. Кері қарай 18.05-те ұшып, Ақтауға 04.10-да келеді. Содан кейін сағат 05.10-да Ақтаудан шығып, сағат 09.00-де Алматыға ұшып келеді. Барлық бағытта жергілікті уақыт көрсетілген. Екі жаққа билеттің ең төменгі құны экономкласта алымдарды есепке алғанда 292 844 теңгені, бизнес-класта 1 181 703 теңгені құрайды", - деп хабарлады компания.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының жолаушылары Ақтау - Лондон рейсінің түйісуімен Нұр-Сұлтан - Ақтаудың ішкі ұшуын пайдалана алады.

Әуекомпания енді Қазақстаннан Ұлыбританияға рейстер Ақтау арқылы орындалатынын атап өтті.

Ұлыбританияға кіру үшін ПТР сынақтары мен вакцина қажет емес. 31 мамырға дейін Лондоннан Қазақстанға ұшатын экономкластың науқандық тарифтері қолжетімді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!