Ақтау - Ыстамбұл әуе рейсі 26 наурызда ашылады

Ақтаудан Ыстамбұлға тікелей рейс ашылады, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ақтау - Ыстамбұл рейсін FlyArystan әуекомпаниясы орындайды. Әуе қатынасы 26 наурыздан бастап ашылады. Рейстер сенбі күндері Airbus A320 ұшақтарымен орындалады. Әуе билетінің бағасы 34 999 теңгеден басталады.

Бұған дейін 21 наурыздан бастап қазақстандық лоукостер Атырау - Сочи жаңа рейсін іске қосатыны хабарланған болатын. Атырау - Сочи және кері тікелей рейстер аптасына бір рет дүйсенбі күндері Airbus A320 ұшағында орындалады.

Атырау - Сочи рейсін іске қосу жоспары 2021 жылдың қарашасында белгілі болды. Сонымен қатар, Атыраудан Санкт-Петербург, Краснодар және Ростов-на-Дону рейстері жарияланды.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!