Ақтау қаласының маңында тасты жағалауда Алматы тұрғыны мен жергілікті екі жасөспірім құтқарылды. Бұл жерде шомылуға жағдай жасалмаған, кенеттен олар тұншыға бастаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Өңірлік ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 22 маусымда 4А ықшамауданында үш адамды құтқарды.
Суға тұншыққандардың бірі Алматы қаласының 2001 жылғы тұрғыны, қалған екеуі Ақтау қаласының 2011 және 2012 жылғы жасөспірімдер. Олар шомылуға жағдай жасалмаған жерде суға түскен.
ТЖД мәліметінше, құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!