Ақтау әуежайында адамдар эвакуацияланды

Ақтау әуежайынан жолаушылар мен қызметкерлерді эвакуациялады. Әуе айлақ ғимаратында арнайы қызметтер жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы куәгерлер мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, әуежайдағы барлық адамды көшеге шығарды. Ғимаратта құқық қорғау органдары қызметкерлері жұмыс істеп жатыр екен.

Реклама
Реклама

"Ешқандай ескерту жасалмады, бар айтқаны - "дереу ғимараттан бой тасалау керек". Оқиға орнына полицейлер келді. Диспетчерлік бөлімге көтерілді. Барлық жерде камуфляж кигендер жүр", - дейді куәгерлер.