Ақтау әуежайынан жолаушылар эвакуацияланды

Ақтауда әуежайға "бомба қойылды" деген хабарға байланысты жолаушылар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 14.30-да Ақтау әуежайы ғимаратына бомба қойылғаны туралы жасырын қоңырау түскенін хабарлады.

"Адамдар эвакуацияланып, ғимарат тексеріліп жатыр. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!