Ақтау әуежайы екі күн бойы рейстер қабылдамайды - FlyArystan

FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау қаласының әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты 2023 жылдың 24-25 мамыр күндері сағат 10:00-20:00 аралығында орындалатын рейстерге өзгертулер енгізілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әуекомпания өкілдері бұл өзгерістер әуекомпанияның бақылауынан тыс жағдай екендігіне назар аударуды сұрады.

"FlyArystan Ақтау әуежайын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолдайды, алайда Ақтау әуежайының кеш хабарландыруы, сіздің жоспарларыңызға әсер еткеніне өкінеміз", - деді компания өкілдері.

Реклама
Реклама

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!