АҚШ-тан пошта арқылы есірткіге тапсырыс берген 7 тұлға сотталды

© pixabay.com/Peggy_Marco

Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасы уәкілетті және құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру нәтижесінде аса ірі мөлшерде есірткі затын Алматы қаласында сату мақсатында АҚШ-тан тапсырыс берген 7 тұлғаға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасы уәкілетті және құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру нәтижесінде аса ірі мөлшерде есірткі затын Алматы қаласында сату мақсатында АҚШ-тан тапсырыс берген 7 тұлғаға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу барысында аталған тұлғалардың есірткі заттарын сатудағы сыбайластығы, қылмыс жасаудағы ролі, сақтау қоймасы (3,5 келі тәркіленді) және әлеуметтік желілерді қолдану арқылы байланыссыз сату жөніндегі мән-жайлар анықталып, сот үкімімен әрқайсысы 10 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылды", - делінген хабараламада.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде, прокуратурамен есірткіні тұтынушылар ретінде 18-23 жас аралығындағы жастардың көптеп кездесетіндігі анықталып, ата-аналар мен жоғарғы буын өкілдеріне жастардың әлеуметтік желідегі өміріне бей-жай қарамауға шақырады.

"Әрбір есірткі-психотропты заттарын және оның аналогтарына әрі қарай сату мақсатында заңсыз жарналамалау, өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау және тасымалдау үшін тапсырыс бергені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгендігін хабарлаймыз. Есірткі қоғамдық індет және онымен күресуде әрдайым таңдау бар", - дейді Авиациялық көлік прокуратурасының өкілдері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная