АҚШ-тан Қазақстанға тікелей рейс қашан ашылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері АҚШ-тан Қазақстанға тікелей рейс қашан іске қосылатынын айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Америка тарапының талаптарына сәйкес Қазақстанның авиациялық билігі АҚШ-қа тұрақты рейстерді орындау үшін АҚШ авиациялық билігін сертификаттау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-мен ("ААК" АҚ) бірлесіп, "1-санатты" алудың бірінші кезеңін бастады, оның қорытындысы бойынша FAA Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіне техникалық шолу жүргізеді.

Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық делегацияның АҚШ-қа сапары барысында 2022 жылғы сәуірде "ААК" АҚ мен Boeing компаниясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде Boeing Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейстерді ашу үшін қажетті бірқатар ісшарада "ААК" АҚ-ға одан әрі техникалық қолдау көрсететін болады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

2025 жылы барлық процедурадан кейін тікелей рейс ашылады деп жоспарланған.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!