АҚШ-тан Астанаға ойыншыққа жасырылған есірткі жіберілген

видеодан үзінді

Бір топ адам Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы есірткі әкелуге әрекет еткен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бір топ адам Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы есірткі әкелуге әрекет еткен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есірткі заттары басқа зат түрінде штаттардан Алматы қаласына жіберіліп, одан ары Астанаға жөнелтілген.

Реклама
Реклама

ҚМА елордалық Департаментінің қызметкерлері есірткі заттарын одан әрі бақыланатын жеткізуді жүзеге асырды.

"Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат есірткі болып табылады. Жалпы салмағы 500 гр болатын кептірілген марихуана. Сәлемдемені Астана тұрғыны алып, одан әрі орау үшін басқа азаматқа берді. Аталған азаматтар сәлемдемені қабылдау-тапсыру кезінде ұсталды. Олар УҰИ қамалды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная