АҚШ сарапшылары қазақстандық әуежайларға қандай ұсыныстар берді

АҚШ Көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің (TSA) авиациялық сарапшылары қазақстандық әуежайлардағы қауіпсіздікке шолу жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жүргізілген шолу нәтижелері бойынша сарапшылар елдегі авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жоғары деңгейін атап өтті және азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша жүргізіліп жатқан шараларға оң баға берді. Қазақстанның авиациялық билік орындарының шақыруы бойынша Қазақстанның әуежайларын рейстерге қызмет көрсету қабілетіне сертификаттау және Америка Құрама Штаттарына ұшу үшін CAT1 тағайындау бойынша жұмыстар басталды.

TSA сарапшылары авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайына бағалау жүргізу мақсатында азаматтық авиация комитетіне, Қазақстанның Авиациялық әкімшілігіне, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларына барды.

"TSA командасы авиациялық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен сапаны бақылау жөніндегі іс-шаралар Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес келетінін атап өтті. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларында жүргізіліп жатқан шаралар мен рәсімдер халықаралық талаптарға сай келеді, ал кейбір аспектіде шаралар белгіленген стандарттардан да жоғары. Мысалы, әуежайдың периметрін күзету және қорғау, қол жеткізу шектелген күзетілетін аймақтарда қол жеткізуді бақылауды қамтамасыз ету, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін персоналды іріктеу және олардың біліктілігі, борттағы тамақты, жүкті және поштаны тексеру жөніндегі жоғары шаралар.

Кейбір салада сарапшылар шараларды жетілдіру бойынша мүмкіндіктерді көрсетті. Бұл киберқауіпсіздік, азаматтық авиацияны ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып заңсыз араласу актілерінен қорғау және жолаушыларды тексеру кезінде қолданылатын әуежайларда тексеру жабдықтарын жаңғырту саласында болды. Жолаушыларды үш өлшемді сканерлеу жабдығына (боди-сканерлер) біртіндеп көшу және тексеру пункттерінде жарылғыш заттардың заманауи детекторларын пайдалану", - деп хабарлады ведомстводан.

Рейстердің ұлғаюына байланысты тексеру пункттері мен бекеттерінің санына байланысты авиация персоналын және олардың заттарын тексеру рәсімдерін, авиациялық қауіпсіздік қызметіндегі кадрларды жасақтау жөніндегі шараларды жақсарту жөнінде ұсынымдар берілді. Алматы әуежайында кинология бойынша жүргізіліп жатқан үлкен жұмыс ерекше атап өтілді. Бұл Қазақстан әуежайлары арасында ең үздік болып саналады.

Сарапшылар азаматтық авиация комитетінің, авиациялық реттеушінің және әуежайлардың үйлесімді жұмысын бағалады, аудиторлар алдында ашықтықты атап өтті. TSA командасы біздің мамандармен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша озық тәжірибе алмасу консультацияларын өткізді. Қазіргі мәселелер бойынша түсініктемелер берді. Нәтижесінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен АҚШ-қа тікелей рейстер ашу шеңберінде АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі әкімшілігі арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру және кеңейту туралы шешім қабылданды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!