АҚШ Қазақстанды өте жоғары қауіпті бағыттардың тізіміне қосты

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) Қазақстанды коронавирус бойынша өте жоғары қауіпті елдердің тізіміне енгізді. Қазақстаннан басқа, бұл тізімге тағы 15 мемлекет кірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі агенттіктің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы саяхатқа баруды ұсынбайтын елдер тізіміне енгізілді.

"Егер сіз Қазақстанға баратын болсаңыз, сапар алдында вакцинаның толық курсынан өтіңіз. Қазақстандағы қазіргі жағдайға байланысты, тіпті, екпе салдырған саяхатшылар да COVID-19 жұқтырып, таралуы мүмкін", - делінген сайтта.

Өте жоғары қауіпті елдердің тізімінде 70 бағыт бар. Бұл негізінен Оңтүстік Америка, Африка және Орталық Азия елдері, сондай-ақ бірқатар еуропалық елдер: Ұлыбритания, Испания, Нидерланды, Португалия көрсетілген. Оның ішінде 16 ел төртінші деңгейдегі қауіпті мемлекеттердің қатарына кірді. 

cdc.gov сайтынан скриншот

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!