Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қазақстан аймақтарында туризмді дамыту туралы материалдар сериясын жалғастыруда. Біз Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары туралы айттық. Енді Ақмола облысы туралы әңгімелейміз.
Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, облыста үш негізгі бағыт бар – бұл Щучье - Бурабай курорттық аймағы, Зеренді курорттық аймағы және елорда маңындағы демалыс аймағы (Ақкөл, Аршалы, Целиноград, Шортанды аудандары).
Фото: Тұрар Қазанғапов
Негізгі инфрақұрылымды дамыту Щучье - Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспарының және Зеренді курорттық аймағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспарының үшінші кезеңі шеңберінде жүзеге асырылады.
Щучье - Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының үшінші кезеңіне сәйкес көлік-логистика және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған 21 миллиард теңгеге 16 іс-шара іске асырылуда.
Фото: Тұрар Қазанғапов
34 шараның (61 миллиард 400 миллион теңге) облыс әкімдігіне бекітілген 27-сі (46 миллиард 800 миллион теңге) бекітілген. Жоспарланған 27 іс-шараның он бірі 8 миллиард 100 миллион теңгеге аяқталды, 16 жоба орындалып жатыр. 27 іс-шараны іске асыруға іс жүзінде 25 миллиард 600 миллион теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 22 миллиард теңге, облыстық бюджеттен 3 миллиард 600 миллион теңге.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!