Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті

Instagram-дағы kokshetauasia парақшасында ер адам мен баланың суда ағып бара жатқаны түсірілген видео жарияланды. Пікірлерде куәгерлер ер адам қызымен бірге сарқырама маңында суретке түсемін деп құлап кеткені жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Ақмола облысы Зеренді ауданындағы Үлгілі сарқырамасында болған.

Реклама
Реклама

Куәгерлердің айтуынша, сол жерде көбі ер адамды қауіпті жерде суретке түсуден бас тартуға көндіруге тырысқан, бірақ ол тыңдамапты. Салдарынан қызымен бірге суға құлаған. Абырой болғанда, ер адам қойтастан ұстанып қалды. Куәгерлер оларды құтқарушылардың көмегінсіз шығарып алғанын және екеуі де аман қалғанын жазды.

Зеренді ауданы әкімдігінің өкілдері 2015 жылы туған қыз аудандық ауруханаға жеткізілгенін айтты. 

"16.45-те Зеренді аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жеңіл жарақаттарымен алты жасар қыз түсті. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, содан кейін үйіне жіберілді. Басқа зардап шеккендер жоқ", - деді ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!