Ақау және багаждың кешігуі: Алматы әуежайындағы жұмыстар айтылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы әуежайының жаңа терминалы іске қосылғаннан кейін әуе айлағы бірнеше рет сынға ұшырады. Бүгін қандай өзгеріс енгізу жоспарланғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайының жаңа терминалы іске қосылғаннан кейін әуе айлағы бірнеше рет сынға ұшырады. Бүгін қандай өзгеріс енгізу жоспарланғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жаңа халықаралық терминал 2024 жылдың 1 маусымында пайдалануға берілді. Іске қосу жоспарланған мерзімнен екі ай бұрын жүзеге асырылды. Алайда, ол ашылғаннан кейін көп ұзамай елеулі кемшіліктер пайда болды. Негізгі мәселелердің қатарына мыналар жатады:

  • дренаж жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі;
  • эскалаторлар жұмысындағы ақаулар;
  • багаж тапсырудағы кешігулер;
  • терминал қабырғаларындағы жарықтар.
Реклама
Реклама

Бұл кемшіліктер жолаушылардың наразылығын тудырып, әуежайдың беделіне кері әсерін тигізді.

"TAV Airports Holding бас директоры Серкан Каптан әуежай кешенді тәсілді қажет ететін бірқатар қиындыққа тап болғанын растады. Ол жаңа терминал ішіндегі бұрын анықталған кемшіліктер толығымен жойылғанын хабарлады. Дренаж жүйесін қалпына келтіру және қалалық желілерге қосу бойынша жұмыстар аяқталып жатыр, ішкі терминалды қайта жаңарту – тіркеу аймағын, күту залдары мен багажды беру аймағын кеңейту, телетраптарды ауыстыру жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Әуежайдың жақын арада даму жоспарларына мыналар кіреді:

  • сол жақ ұшу-қону жолағын толық қайта құру;
  • перрондарды жаңарту;
  • көктайғаққа қарсы алаңды жаңарту;
  • аэродром жабдықтары паркін жақсарту.

Белгілі бір қиындықтарға автотұрақ орындары мен әуежайға кіреберіс жолдардағы ақаулар себеп болып отырғаны атап өтілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама