Әділет Рахметолланың видеосы Еуропада екі басты жүлдені алды

Сурет "Қазақтуризм" АҚ Youtube каналынан

Португалияның Калдаш-да-Раинья қаласында жыл сайынғы ART&TUR халықаралық туристік кинофестивальде, Қазақстан туризмі туралы түсірілген видеоролик екі аталымы бойынша үздік деп танылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Португалияның Калдаш-да-Раинья қаласында жыл сайынғы ART&TUR халықаралық туристік кинофестивальде, Қазақстан туризмі туралы түсірілген видеоролик екі аталымы бойынша үздік деп танылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 16-рет ұйымдастырылған кинофестивальде Kazakhstan - Like Never Before саяхат туралы қазақстандық видеоролик "Үздік елдік ролик" және "Үздік жарнама кампаниясы" аталымдары бойынша жеңімпаз атанды (Destination - Countries, Advertising Campaign).

Реклама
Реклама

Kazakh Tourism ұлттық компаниясы жасаған Kazakhstan - Like Never Before видеоролигінде отандық және Қатар мен Бельгия тревел-блогерлерінің Түркістан қаласы мен Алматы облысына жасаған саяхаттары көрсетіліп, елімізді жаңа қырынан тануға шақырады.

Сурет "Қазақтуризм" АҚ Telegram каналынан

"Бұл ролик Қазақстанның таңғажайып табиғаты мен мәдени мұрасына шетелдік туристердің назарын аудару тәсіліміздің жүзеге асқанының айқын көрінісі. Байқау ұйымдастырушылары тарапынан берілген жоғары баға еліміздің әлем туристері алдында өте қызықты мекен екенін және видеороликтің өте сапалы әрі креативті жасалғанын тағы да дәлелдеді", - деп атап өтті Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Видеороликті дайындаумен Әділет Рахметолла және Константин Киквидзе бастаған қазақстандық біріккен шығармашылық топ айналысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ADILET RAKHMETOLLA (@adilet_rakhmetolla)

Айта кетейік, бұл - Қазақстанның аталған алаңдағы алғашқы жетістігі емес. 2021 жылғы фестиваль аясында Kazakh Tourism ұлттық компаниясы жасаған Travelstan видеоролигі үздік жарнама ролигі аталымында үздік деп танылған болатын. Ал былтыр "Томас пен Люси Аткинсондардың Қазақстанға көзқарасы" коммуникациялық жобасы екінші орынға ие болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @turizm_sport_ministrligi

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная