Адамдардың заңсыз көші-қонын бизнеске айналдырғандар ұсталды - прокуратура

Кез келген елдегі шекаралас аймақтарда көбіне қылмыстық белсенділік өршіген аумақ болатыны белгілі. Осыған байланысты прокуратура органдары шекара маңындағы құқыққа қайшы әрекеттің алдын алу және оған қарсы күресу, әсіресе жастарды қылмыстық әрекетке тартуға қатысты шараларға ерекше назар аударады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Жамбыл ауданының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кез келген елдегі шекаралас аймақтарда көбіне қылмыстық белсенділік өршіген аумақ болатыны белгілі. Осыған байланысты прокуратура органдары шекара маңындағы құқыққа қайшы әрекеттің алдын алу және оған қарсы күресу, әсіресе жастарды қылмыстық әрекетке тартуға қатысты шараларға ерекше назар аударады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Жамбыл ауданының прокуратурасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық прокуратурасының нұсқауы бойынша ауданның полиция бөлімі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде заңсыз көші-қон ұйымдастыру дерегін анықталды.

Реклама
Реклама

Жамбыл ауданында Қазақстан Республикасының 20 жастағы азаматы мен Қырғыз Республикасының 26 жастағы азаматының әрекеттері әшкереленді, олар үшінші тұлғалармен мәмілеге келе отырып, еңбек мигранттарының трафигін қамтамасыз еткен. Мәселен, ресми өткізу пункттерін айналып өтіп, мемлекеттік шекараны кесіп өтуге көмектескені үшін олар Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтарынан 300-500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған. Алайда шетелдік азаматтар өз елдерінен кетуге құқылы емес еді, өйткені олардың деректері борышкерлер тізіміне енгізілген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі және 392-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Жамбыл аудандық сотының 26.06.2023 жылғы үкімімен Қырғыз Республикасының азаматы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, Қазақстан Республикасының аумағына 5 жыл мерзімге дейін кіруіне шектеу қойылды.

Жасөркен ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергелу барысында, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная