Абу-Даби вакцина алған қазақстандықтардың келуін жеңілдетті

БАӘ-нің ең үлкен әмірлігі Спутник V вакцинасын ресми түрде мойындады және вакцина алған саяхатшыларды карантиннен босатты. Сондықтан толық вакцина салдырған қазақстандықтарға Абу-Дабиге ұшуға болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Сапарды Абу-Даби Әмірлігіне кіруге рұқсат алғаннан кейін ғана жоспарлауға болады. Мұны сапардан кем дегенде 48 сағат бұрын жасау керек. Ол үшін Com UA Smart қосымшасында немесе ресми сайтта тіркелу қажет.

"Сізге ақпаратты толтырып, вакциналау сертификатының PDF нұсқасын тіркеу қажет. Бұдан әрі сіз көрсеткен телефонға тіркеу нысанын растайтын және Al Hosn қосымшасын жүктеуге арналған сілтеме бар SMS келеді. Бұл қосымша вакциналау және коронавирустың тест мәртебесін көрсетеді. "Жасыл" мәртебе жағдайында саяхатшы Абу-Дабидің барлық қоғамдық орнына бара алады.

Төлқұжат бақылауына келгеннен кейін немесе ICA қосымшасы арқылы сіз тіркеуді аяқтау үшін Al Hosn қосымшасына енгізу қажет жеке кодты (Unified ID) аласыз. Сондай-ақ, ұшуға дейін 48 сағат бұрын ПТР-тест тапсыруды ұмытпаңыз. Нәтижесі ағылшын тілінде де теріс болуы тиіс", - деп атап өтті Kompas туроператорының өкілі Светлана Ошерова.

Абу-Даби әуежайына ұшып келгеннен кейін CОVID-19-ға тегін ПТР-тест тапсырып, Al Hosn қосымшасына енгізу қажет. Әдетте нәтиже 90 минуттан кейін дайын болады, сіз қонақүйде күте аласыз. Егер тест теріс болса, Al Hosn қосымшасы Абу-Дабидің барлық қоғамдық орнына өтуге мүмкіндік беретін "жасыл" мәртебесін көрсетеді.

Сауалнамада нені көрсету керек

TUI Kazakhstan туроператоры мен ht.kz туристік агенттігінің мәліметінше, сауалнаманың барлық басқа тармағына мынадай деректерді толтыру қажет:

- вакциналау елін, вакцинаның атауын және оның барлық компонентін алу күнін көрсете отырып, алынған вакцина туралы сертификат;

- Туристің азаматтығын растайтын төлқұжаттың электрон көшірмесі және төлқұжат үлгісімен жеке суреті.

Барлық құжатты PDF форматында жүктеу қажет. Есіңізде болсын, әр құжаттың салмағы бір мегабайттан аспауы керек. Сауалнаманы қарау 48 сағатқа дейін уақытты алады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!