Абу-Даби, Ұлыбритания және Мальдив туристер үшін кіруді жеңілдетті

Мальдив аралдары Фото: pixabay.com

Бірқатар ел ковид шектеулерін, соның ішінде туристер үшін де жоюды жалғастырып жатыр. Kaz.tengritravel.kz тілшісі толығырақ айтып береді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бірқатар ел ковид шектеулерін, соның ішінде туристер үшін де жоюды жалғастырып жатыр. Kaz.tengritravel.kz тілшісі толығырақ айтып береді.

Абу-Даби

Реклама
Реклама

Енді толық вакцина алған саяхатшыларға рейске отырар алдында ПТР-тестін тапсырудың қажеті жоқ. Әмірлікке келгеннен кейін олар тек қолданыстағы QR коды бар вакциналау туралы ресми куәлікті ұсынуы керек. Вакцина алмаған саяхатшылар әлі күнге дейін 48 сағат бұрын жасалған ПТР-тестінің теріс нәтижесін немесе кетуден 30 күн бұрын алынған аурудан жазылғаны туралы анықтаманы QR кодымен ұсынуы керек. 12 жасқа дейінгі саяхатшылар аталған барлық анықтаманы ұсынудан босатылады.

Абу-Даби халықаралық әуежайына келгеннен кейін тестілеу вакциналау мәртебесіне қарамастан барлық саяхатшы үшін міндетті емес. Дегенмен, туристерге AlHosn қосымшасында Green Pass-ты іске қосу үшін осы процедурадан өту ұсынылады. Бұл оларға Абу-Дабидің сауда орталықтары, ойын-сауық парктері мен мейрамханалар сияқты көптеген жабық жерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ашық Нысандар барлығына қолжетімді.

Абу-Даби ©Shutterstock

Мальдив аралдары

Мальдив аралдарына кірудің жаңа хаттамасына сәйкес, вакциналаудың мәртебесіне қарамастан, келген барлық саяхатшы теріс ПТР ұсынуға міндетті емес. Аралға келген шетелдіктер үшін ешқандай карантин жоқ. Мальдивтерде болған үшінші және бесінші күндер аралығында ПТР-тестін тапсыру туралы ұсыныс ғана сақталады.

Ұлыбритания

Ұлыбритания билігі туристер үшін жаңа жеңілдіктер жариялады. 18 наурыздан бастап вакциналау мәртебесіне қарамастан, барлық саяхатшы үшін ПТР-тестілер тоқтатылады. Сол уақыттан бастап жолаушыларды іздеу формасын (PLF) толтырудың қажеті жоқ. Коронавирусқа қарсы вакцина алмаған туристер Ұлыбританияға келгеннен кейінгі екінші күні қайтадан тест тапсырудың қажеті жоқ. Наурыздың соңынан бастап қонақүйлерде бұрын қолданылған барлық карантин шектеулері алынып тасталады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная