Turkish Airlines әуекомпаниясының бас орындаушы директоры Билал Экши Қазақстанмен рейстерді қайта қалпына келтіру жоспарымен бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
Әлеуметтік желіде ол 13 қаңтарда Ыстамбұлдан Нұр-Сұлтанға, 14-нен Ақтауға және 15-нен бастап Түркістанға рейстер қайта жанданатыны туралы айтты.
Билал Экшидың айтуынша, қазіргі уақытта компания Қазақстан билігімен Алматыға рейстерді қайта қалпына келтіру жөнінде келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді. Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.
Айта кетейік, осыған дейін компания өкілдері 9 қаңтарға дейін Қазақстанға рейстер тоқтатылатыны туралы жариялаған еді.