Қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Ресейге ұшатын рейстер санын көбейтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан мен Ресей арасындағы жолаушыларды үздіксіз тасмалдау мақсатында агенттік қазақстандық SCAT әуекомпаниясымен бірлесіп, елдер арасындағы тұрақты рейстер санын арттыру мәселесін пысықтады.
"Соның ішінде Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағыттары бойынша аптасына 2-ден 7 рейске дейін және Алматы-Мәскеуге аптасына 7 рейске дейін", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Air Astana әуекомпаниясы Ресейге ұшуды тоқтататыны хабарланған болатын.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.