SCAT жолаушылары Рас-эль-Хаймаға алғашқы тікелей рейспен ұшты


Енді қазақстандықтар үшін тағы бір сүйікті демалыс орны пайда болды. SCAT әуекомпаниясы мен Рас-эль-Хайма әмірлігінің туризмді дамыту департаменті (RAKTDA) арасындағы келісімнің арқасында Қазақстанның 8 қаласынан: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал және Қарағандыдан тікелей рейстер ашылды, - деп хабарлайды  Kaz.tengritravel.kz порталы.

Авиация саласында қалыптасқан дәстүр бойынша Рас-эль-Хайма халықаралық әуежайында бірінші рейсті су отшашуымен қарсы алды, ал қазақстандық алғашқы туристер үшін салтанатты шара мен жағымды сыйлықтар әзірленді.

Рас-эль-Хайма - БАӘ-нің солтүстігінде орналасқан табиғаты әсем әмірлік. Бұл жердегі теңізде толқын қатты болмайды және жыл сайын әуесқой туристерді Рас-эль-Хаймаға тартатын әдемі таулар бар.

Рас-эль-Хайма әмірлігі өз қонақтарына, қазақстандық туристер жақсы көретін, all inclusive қызметтер мен тамақтану жүйесін ұсынады. Көптеген қонақүй балаларға тегін тұруға мүмкіндік береді, отбасыларға әуежайдан тегін трансферттер ұсынады.

Эмират үкіметі барлық шетелдік туристерге БАӘ-ден үйге ұшар алдында коронавирусты анықтайтын сынақты тегін қылып қойған. Қазақстан, Ресей және Украина азаматтарына виза әуежайға келгеннен кейін беріледі. Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары визаны алдын-ала алуы керек. Рас-эль-Хаймаға билеттерді қаланың кез келген туристік агенттігінен сатып алуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Осыған ұқсас мақалалар

"Екі ел арасындағы туристік қарым-қатынас өте жақсы дамыған" - Үндістан елшісі "Екі ел арасындағы туристік қарым-қатынас өте жақсы дамыған" - Үндістан елшісі
Қазақстанда Түркияға турлар қымбаттайды Қазақстанда Түркияға турлар қымбаттайды
"Әсеріңді сөзбен жеткізу мүмкін емес". Қастек үңгірлері туристерді несімен қызықтырады? "Әсеріңді сөзбен жеткізу мүмкін емес". Қастек үңгірлері туристерді несімен қызықтырады?