Қазақстандық әуекомпаниялар Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейстерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Каz.tengritravel.kz тілшісі.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, АҚШ-қа тікелей рейстерді "Эйр Астана" және SCАТ компаниялары орындайды.
"Эйр Астана" өкілдері ақпаратты растады.
"Біз бұл жағдайды 2025 жылы Boeing 787 ұшақтарын алғаннан кейін қарастырамыз", - деді компанияның баспасөз қызметіндегілер.
SCАТ компаниясындағылар әзірге тек жоспар екенін айтты.
"Компания Қазақстаннан америкалық континентке тікелей рейс үшін ұзаққа ұшатын әуе кемесін алуды жоспарлап отыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Бірақ компания өкілдері әуе кемесінің қашан алынатынын айтпады.
Айта кетейік, қазір Қазақстаннан АҚШ-қа дейін тек басқа елдер арқылы жетуге болады. Жол ұзақтығы тәулік уақытты алуы мүмкін.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!